Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:49, 26 Тамыз 2024

Қазақстан Қытаймен су бөлісу мәселесін қарастырады

d
Фото: gov.kz

Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендердің суын бөлу мәселесі бойынша үкіметаралық келісім жобасы әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Оның ішінде үш ірі трансшекаралық өзен: Ертіс, Іле және Емел бар. Бүгінде тараптар су бөлу мәселесі бойынша келісімнің бірқатар баптары бойынша ортақ мәмілеге келген.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы Қытай аумағынан бастау алатын трансшекаралық Іле өзенінің суын жинайды. Қойма соңғы 10 жылда алғаш рет 18 млрд текше метрден артық су жинап, 100%-ға толған. 

Ал, биыл көктемде секундына 900 текше метрге дейін су келген. Мамандар мұнын себебін Тянь-Шань мұздықтарының еруі мен жауын-шашынның көп болуымен байланыстырады.

Қазір Қапшағай су қоймасында 16 млрд 200 млн текше метр су бар.