Қазақстан логистика саласына ерекше мән беріп келеді
Нарықтық экономика заманында тауарыңды жеткізіп беру, экспорт пен импорт аса маңызды. Бұл жолда көлік-логистика деген ауқымды ұғымсыз алысқа бара алмайсың.
Сондықтан да әрбір ел логистика саласына ерекше мән беріп, стратегиялық мақсаттар құрады. Қазақстан да дәл солай. Бүгінде еліміз LPI логистика тиімділігі индексінде 40-орынға табан тіреп тұр. Яғни, өткен жылдармен салыстырғанда алға жылжу бар, қарқыны жақсы. Иә, қазіргі таңда
Отандық көлік-логистика үш бағытта дамуда, инвестициялар айтарлықтай артқан. 2019-2024 жылдар арасында салынған инвестиция көлемі 23 миллиард доллардан асады. 2024-2028 жылдар арасында бұл көрсеткішті жобамен 12 миллиар долларға жеткізу көзделген.
Еліміздегі көлік-логистика саласында әртүрлі жолдар қарастырылған. Мысалы, жүк ең көп тасымалданатын көлік – теміржол. Одан соң барып автомобиль мен құбырлар. Теміржолға тоқталып өтер болсақ, бұл Қазақстандағы танымал тасымал түрі екенін жоғарыда айттық. Тәуелсіздік алған уақытта ҚР-да сегментттелген теміржол жүйесі болды. Бірақ, ол басқа тасымал түрлеріне қарағанда едәуір жақсы деңгейде дамыған еді. Десек те, қолайсыздықтар қатары қалың болғаны белгілі. Бұл ыңғайсыздықтарды шеші үшін елімізде бірқатар теміржол бағыттары салынып, ашылды. Мәселен, Павлодар – Өскемен, Ақтөбе – Қостанай, Жезқазған – Ақтау секілді бірнеше бағыттар байланыстырылып, біртұтас жұмысқа кірісті. Тек ішкі емес, сыртқы теміржол желілеріне де көңіл бөлінді. Соның ішінде Түркіменстан мен Иранға, Қытайға теміржол тарту жұмыстары жүргізілді. Қазақстан ТМД елдері ішіндегі 32 жыл ішінде бірнеше мың шақырым жаңа теміржол желісін салған жалғыз мемлекет. Мұны мақтана айтуға болады.
Теміржолдан кейін автожол да айтарлықтай маңызға ие. Бүгінде еліміздегі автожолдардың жалпы ұзындығы – 94 800 шақырым. Халықаралық және республикалық маңызы бар жол 24 900 шақырымды, облыстық деңгейдегі маңызы бар жол 31 800 шақырымды құрайды. Кезінде, 2019 жылдары автомобильдермен жүк тасымалдау дейгейі өскен. Тіпті, шарықтау шегіне жеткен. Бірақ, осы мерзімнен соң төмендеп кетті. Ал жүк көліктерінің саны 2003-2008 жылдарды айтарлықтай көбейген. Бұрынғысынан екі есеге дейін артқан. Бұл мерзімнен кейін олардың саны тұрақсыздық деңгейінде болды, алайда жалпы есепте тек қана ұлғайды.
Бұдан бөлек, теңіз жолы да бар. Каспий теңізі Қазақстанды Ақтау және Құрық порттары арқылы Әзірбайжан, Иран, Ресей, Түркіменстанмен қосады. Осы жолдардағы байланыс та белгілі бір дәрежеде жүріп жатады. Әсіресе, Еділ-Дон өзені дүниежүзілік мұхитпен байланысқа жол ашады. Осы жөнінде мемлекеттік саясат жағы да назарда. Мәселен, президент Қазақстанға теңіз инфрақұрылымын дамытуға арналған біртұтас жоспар керек екенін айтты. Онда Құрық портына айрықша мән берілуге тиіс. Құрықты Ақтау порты сияқты толыққанды логистикалық кластерге айналдыру қажет. Осы ретте ол «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық дәлізінің де өте маңызды екенін атап өтті. Себебі сол арқылы Парсы шығанағына шығуға болады. Біртіндеп бұл бағыттағы теміржол желісінің өткізу мүмкіндігін екі есе арттыру керек.