Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:41

Қазақстан мемлекеттік криптоқор құрады

криптовалюта
Фото: roskomsvoboda

Қазақстан Ұлттық банкінің базасында цифрлық активтердің мемлекеттік қоры құрылмақ. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында мәлімдеді.

Тоқаевтың айтуынша, жаңа қор елдің цифрлық қаржы жүйесінің болашағына бағытталған активтерді жинақтап, стратегиялық крипторезерв қалыптастырады.

 «Ұлттық банк базасында цифрлық активтердің мемлекеттік қорын құру қажет. Ол жаңа цифрлық қаржы жүйесінің ең перспективалы активтерінен стратегиялық криптоқор жинайды», — деді Президент.

Заңнамалық өзгерістер

Бұған дейін Қазақстанда криптовалютаны ресми түрде сатып алу және сату мүмкіндігін беретін заңнамалық түзетулер әзірленіп жатқаны хабарланған. Бұл өзгерістер елдің қаржы нарығын жаңа деңгейге шығаруды көздейді.

Айта кетейік, қазір президенттің жыл сайынғы жолдауы өтіп жатыр. Бұған дейін Тоқаев елде жаңа жасанды интеллект және Цифрлық даму министрлігі құрылатынын хабарлады.

 

Тегтер: