Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 13:16

Қазақстан мен Армения арасында 90 күндік визасыз режим енгізілмек

паспорт
Фото: из открытых источников

Қазақстан мен Армения азаматтарының өзара сапарларын жеңілдететін маңызды келісім жасалды. Мәжіліс депутаттары екі ел арасындағы визасыз қатынасты реттейтін заң жобасын қарастырды.

Бұл құжат 2024 жылдың 15 сәуірінде Ереванда қол қойылған. Оның негізгі мазмұны – екі ел азаматтарына 90 күнге дейін визасыз жүру мүмкіндігін беру.

Енді қазақстандықтар мен армяндар бір-бірінің еліне ешқандай қосымша виза рәсімдемей-ақ барып, үш айға дейін емін-еркін бола алады. Бұл құқыққа елге кіру, шығу, транзитпен өту және келісімде көрсетілген жарамды құжаттардың кез келгенін пайдалану арқылы кіру жатады.

Келісім екі халықтың саяси, экономикалық және мәдени байланыстарын нығайтуға жол ашады. Сарапшылардың пікірінше, бұл әсіресе туризм, бизнес және білім салаларына оң әсер етпек. Сонымен бірге, визасыз режим бауырлас елдердің өзара ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтереді.

Тегтер: