Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:00

Қазақстан мен Ресей бірлескен зымыранды ғарышқа ұшыруды кейінге шегерді

зымыран
Фото: Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Қазақстан мен Ресейдің «Бәйтерек» бірлескен ғарыш жобасы аясында жүзеге асырылатын ағарышқа ұшу кейінге қалдырылды.

«Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышын Байқоңыр ғарыш айлағындағы «Бәйтерек» зымыранды кешенінен ұшыруға дайындық жоспарға сай жүріп жатқанымен, тараптар техникалық себептерге байланысты мерзімді түзету туралы ортақ шешім қабылдаған.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстан-Ресей бірлескен Бәйтерек жобасы бекітілген кестеге сәйкес іске асырылып жатыр. Қазіргі уақытта стартты кешенде кеңейтілген сынақ бағдарламасы жүргізілуде. Бұл сынақтар зымыранның барлық жүйелері мен жерүсті инфрақұрылымының сенімділігін толық растауға бағытталған.

Сынақтардың ұзаруына жобада бұрын қолданылмаған жаңа инженерлік және технологиялық шешімдердің енгізілуі себеп болып отыр.

«Ұшыруға дайындық жұмыстарының басым бөлігі аяқталды. Қазір технологиялық жүйелердің автономды сынақтары жүргізілуде, одан кейін кешенді автономды сынақтар жоспарланған», – деді Айдын Айымбетов, «Бәйтерек» БК» АҚ басқарма төрағасы.

Оның айтуынша, зымыранды пайдалануға 40-тан астам техникалық және технологиялық жүйе тартылған. Олар жеке-жеке де, өзара байланыста да тексеруден өтуде. Зымыран-тасығыш монтаждау-сынақ кешеніне жеткізілген соң, барлық жүйелердің келісілген жұмысы тағы бір мәрте тексеріледі.

«Бәйтерек» жобасы Қазақстан мен Ресей тарапынан 2005 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Ол Байқоңыр ғарыш айлағында жаңа буын зымыран-тасығыштарын ұшыруға арналған заманауи инфрақұрылым құруды көздейді.

Айта кетейік, бұған дейін "Байқоңыр" ғарыш айлағы бүлінгені туралы ақпарат тараған еді. 27 қарашада СОЮЗ кемесі Халықаралық ғарыш станциясына ұшөан кезде, космодром істен шыққан.