09:43, 12 Маусым 2024
Қазақстан ОПЕК ұйымына өтемақы төлеуге уәде берді
Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша мамыр айындағы артық өндіріс үшін маусым айында өтемақы төлеуге уәде берді.
Келісіммен бекітілген тәуелсіз дереккөздердің бағалауына сәйкес мамыр айында Қазақстан Республикасы тәулігіне 45 мың баррельге міндеттемелерді асыра орындады.
Қазақстан осы артық өндірісті өтейді және қосымша ерікті қысқартуларды қоса алғанда, маусым айында міндеттемелерді толық орындайды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы 2024 жылдың басынан бастап 2025 жылдың қыркүйек айының соңына дейін созылатын өтемақы кезеңі ішінде артық өндірілген көлемді өтейді, делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Қазақстан алдағы күндері ОПЕК хатшылығына өзінің жаңартылған өтемақы кестесін ұсынатыны айтылған.