Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:18, 17 Қыркүйек 2024

Қазақстан Орталық Азия елдеріне 8 айда 2,5 млн тонна астық экспорттаған

в
Фото: АШМ

Осы жылдың сегіз айында Қазақстан Орталық Азия елдеріне 2,5 млн тонна астық экспорттаған. 

Оның 1,8 млн тонна – Өзбекстанға, 600 мың тонна – Тәжікстанға, 100 мың тонна – Түрікменстан мен Қырғызстанға тасымалданған.

«Қыркүйек айында 12 күнін ішінде Орталық Азия елдеріне 132 мың тонна жөнелтілді, бұл 2023 жылғы қыркүйектегі көрсеткіштен 2,5 есе көп. Айдың соңына дейін астықты жөнелту көлемі шамамен 250 мың тоннаны құрайды», — деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарушы директоры Бауыржан Орынбасаров.

Қытайға астық экспорты 2024 жылдың 8 айында 1,1 млн тоннаны құрады. Бұрынғысынша негізгі көлем контейнерлермен тасылады – 666,4 мың тонна. Бірақ биыл астықты қаптарға салып, жабық вагондармен тасымалдау көлемі екі есе өсті – 229 мың тонна. Астық таситын көліктерде тасымалдау көлемі өткен жылдың деңгейінде қалды – 247,5 мың тонна (өткен жылға 96%).

2024 жылдың 8 айында Қытайға ұнтақталған астық өнімдерін жеткізу 70%-ға өсті – 494,1 мың тонна (2023 жылы 290,3 мың тонна). Ұнтақталған өнімдерді тасымалдау негізінен контейнерлер арқылы жүзеге асырылады.

16 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда 7,4 мың га алқап (44%) жиналды, орташа өнімділік гектарына 14,6 центнерді құрайды, 10,8 млн тонна астық бастырылды. Элеваторларға 1,5 млн тонна астық түсті.

Тегтер: