Қазақстан өзінің алғашқы атом электр стансасын салатын орынды анықтады

Қазақстан үкіметі елдегі бірінші атом электр стансасының құрылыс алаңын ресми түрде бекітті.
Тиісті қаулы нормативтік құқықтық актілер базасында жарияланды.
Таңдалған жер Алматы облысының Жамбыл ауданы Балқаш көлінің маңы болды. Үкімет қаулысына 2024 жылдың 30 желтоқсанында қол қойылды, бірақ ол ресми жарияланғаннан кейін кеше күшіне енді.
Өткен жылы Қазақстан билігі атом электр стансасын салу туралы шешім қабылдады. Шешім қабылдау үшін елде референдум өтті.
Экологтар әлі күнге дейін елдегі атом электр стансасының жобаның құрылыс аймағы Балқаш көліне кері әсерін тигізетінін айтып, қарсы. Қоғам қайраткерлері мен саясаттанушылар атом электр стансасын Ресей салады, бұл Қазақстанның көрші елге энергетикалық тәуелділігін нашарлатуы мүмкін деп алаңдаушылық білдіріп жатыр. Бұл туралы "Росатом" Қазақстанға жақындап келе жатыр" атты мақаламызда егжей-тегжейлі жаздық.