Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:00

Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы бітім туралы келісімді құптады

Тоқаев
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыста толық атысты тоқтату және бітімге келу жөніндегі келісімге қол жеткізілгенін құптады.

 Бұл келісім Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунир арағайындығымен жүзеге асқан.

Аталған келісім Дональд Трамп бастаған АҚШ басшылығының, сондай-ақ Иранның жоғары жетекшілігінің және қақтығысқа қатысқан барлық елдердің парасаттылығы мен ізгі ниетінің арқасында мүмкін болды.

Мемлекет басшысы қол жеткізілген бітім ұзақ мерзімді сипат алып, жаһандық сауда мен барлық елдердің экономикалық өркендеуіне оң әсер етеді деген үміт білдірді.