Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:18

«Қазақстан Ресей мен Украинаны қатар қолдай алмайды» – ресейлік саясаттанушы

Алексей
Фото: ашық дереккөз

Ресейлік саясаттанушы Алексей Ярошенко Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның Қазақстанның Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеуге дайын екені туралы мәлімдемесіне пікір білдірді.

 Ол Қазақстан екі елді қатар қолдай алмайтынын айтты.

– Ресей мен Украинаға тең қашықтық ұстануға болмайды. Мұндай позициядағының бәрі іс жүзінде Ресейдің қарсыласына айналады. Өйткені Ресей өз өмір сүруі үшін күресіп жатыр, ал Украинаны әлсірету құралына айналдырды. Бір мезетте әрі құрбанды, әрі оны өлтіретін қаруды жақтауға болмайды, - деді саясаттанушы gazetametro.ru сайтына берген сұхбатында.



Айта кетейік, бұған дейін Айдос Сарым Қазақстанның сыртқы саясаттағы прагматикалық бағытын атап өтіп, Мәскеумен қарым-қатынас дами түсіп жатқанын жеткізген. Сондай-ақ ол Ұлы Тұран тақырыбының мифке айналғанын, одан Ресей мен Қазақстандағы белгілі бір топтар ғана пайда көріп отырғанын айтқан.