Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды
Конституциялық реформа жөніндегі комиссия Қазақстанның жаңартылған Конституциясының жобасын көпшілік назарына ұсынды.
Комиссия мәліметінше, жаңа Негізгі заң азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды жан-жақты саралау, ашық қоғамдық талқылаулар өткізу және жаңа нормалар мен ережелерді мұқият пысықтау нәтижесінде дайындалған.
"Конституциялық реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда бір палаталы Парламент құру жөніндегі бастамасының негізінде туындады. Президент бұл идеяны 2025 жылғы 8 қыркүйекте өзінің халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауында елдің саяси жүйесін кешенді жаңғырту және жасанды интеллект дәуірінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі оң серпін беру мақсатында айтқан болатын", - делінген релизде.
Айта кетейік, 2025 жылғы 8 қазанда Парламенттік реформаны іске асыру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойылған.