Қазақстан шетелдік спортшыларға қаржы бөлуді тоқтатады - Мырзабосынов
Қазақстан шетелдік ойыншыларды қаржыландыруды толығымен тоқтатады. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов айтты.
Мырзабосынов қазір парламентте заң жобасы бар екенін, оған сәйкес легионерлерді мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру толығымен тоқтатылуы тиіс екенін алға тартты.
Бүгін бізде Мәжілісте заң жобасы бар, онда бұдан былай легионерлер бюджеттен қаржыландырылмайды деген түзетулер бар. Әрине, біздің басты міндетіміз – спортшыларымызды өсіріп, оларға үміт арту. Заң жобасы шықса, қаржыландыру болмайды, деді министрі Ulysmedia.kz журналисіне.
Сонымен қатар, министр Мырзабосынов аталған өзгеріс Қазақстан азаматтығын алмаған спортшыларға қатысты екенін айтты. «Егер спортшы Қазақстан азаматы болмаса, оған қаржы бөлінбейді», - деп қосты министр.
Айта кетейік, бұған дейін Президент шетелдік спортшыларға азаматтық беріп, ел атынан додаға қосу тәжірибесін доғару керектігін айтқан.
Өйткені кез келген легионер ұлттық құрамаға шақырту алғысы келетін жас әрі болашағынан көп үміт күттіретін атлеттеріміздің жолын кеседі. Одан гөрі қазір бізде дамуы кенжелеп тұрған спорт түрлерінен мықты шетелдік бапкерлерді тарту мүмкіндігін қарастырған жөн. Легионер-спортшылардың жетістігі бүгін мерейіңді өсіргенмен, ертең абыройыңды асқақтатпайды. Бұл жерде кәсіби бапкерге басымдық берген жөн,– деді Тоқаев.