Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:10

Қазақстан сиыр етін экспорттауға қойылған шектеулерді тағы алты айға ұзартты

ет бағасы
Фото: Жас Алаш коллаж

Қазақстанда ірі қара мал етін шетелге шығаруға қатысты шектеулер тағы алты айға ұзартылды. Тиісті бұйрыққа Ауыл шаруашылығы министрі қол қойды.

Құжатқа сәйкес, 31 желтоқсаннан бастап сиыр етін экспорттауға 20 мың тонна көлемінде сандық шектеу (квота) енгізіледі. Бұл талап жаңа сойылған және мұздатылған етке бірдей қолданылады.

Әрбір экспорттаушыға берілетін квота көлемі оның бордақылау алаңының қуатына байланысты айқындалады. Атап айтқанда, бір тұлғаға арналған квота мөлшері мынадай:

  • бордақылау алаңының қуаты 5 000 басқа дейін – 1 000 тонна;

  • 10 000 бас – 2 000 тонна;

  • 15 000 бас – 3 000 тонна;

  • 20 000 бас – 4 000 тонна;

  • 50 000 бас – 10 000 тонна.

Квоталар экспортқа лицензия беру кезінде арнайы портал арқылы автоматты түрде бөлінеді. Әр квота берілген күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде жарамды болады және ветеринариялық бақылау бекетінде тексеру актісімен жабылады.

Аталған шешім ішкі нарықтағы ет бағасын тұрақтандыру және елдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданып отыр.