Қазақстан СІМ-нің бұрынғы ресми өкілі Президент әкімшілігіне қызметке тағайындалды
Айбек Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіндегі жаңа қызметке тағайындалды.
Ақорданың ресми мәліметіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев Айбек Смадияровты Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісі қызметіне бекітті.
Айбек Смадияров көпшілікке Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі ретінде кеңінен танымал. Ол ұзақ жылдар бойы СІМ жүйесінде еңбек етіп, шетелдік дипломатиялық миссияларда да қызмет атқарған. Атап айтқанда, Венгрия мен Вьетнамда жұмыс істеген.
2019–2023 жылдары Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы болды.
2023–2025 жылдар аралығында — министрліктің коммуникациялар департаментін басқарды.
2025 жылдың наурыз айынан бастап Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
Айбек Смадияровтың Президент Әкімшілігіндегі жаңа қызметі ішкі саясаттағы ақпараттық және идеологиялық бағыттармен байланысты болмақ.