Қазақстан соғысқа байланысты елге келген ресейліктерді жаппай депортациялауға дайындалып жатыр
Қазақстанда уақытша тұруға берілетін уақытша тұруға рұқсат берідетін құжатқа байланысты ірі қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Бұл іс соғыс салдарынан елге келген көптеген Ресей азаматтарының депортациялануына әкелуі мүмкін деп хабарлады «Слово защиты» жобасы Ресейден кеткен адамдарға көмектесетін құқық қорғаушыларға сілтеме жасап.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, бұл іс бойынша әскери қызметке шақырылатын жастағы ондаған Ресей азаматы куәгер ретінде жауап беріп жатыр. Тергеу 2026 жылдың ақпан айының соңында басталған.
Қазақстанда бір жылға дейін тұруға мүмкіндік беретін рұқсат алу үшін – ресми түрде жұмысқа орналасу және тіркеуге тұру қажет.
Біраз уақыт бойы Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат қағазы нарығына көз жұма қаралғаны, бірақ уақыт өте келе көші-қон саясаты қатая түскені айтылады.
Тергеуді ҰҚК жүргізіп жатыр
Ақпаратқа қарағанда, бұл іспен көші-қон полициясы емес, Ұлттық қауіпсіздік комитеті айналысып жатыр. «Слово защиты» жобасының пікірінше, осыған байланысты тергеу Ресеймен келісілген тізімдер бойынша жаппай депортацияға дайындық болуы мүмкін.
Құқық қорғаушылардың ескертуі
Құқық қорғаушылар жалған рұқсат қағазы ісіне қатысы бар адамдарға Қазақстаннан өз еркімен тез арада кетуді ұсынып отыр. Олардың пікірінше, бұл Ресейге мәжбүрлі депортациядан сақтануға көмектесуі мүмкін.
Қазақстанға келген ресейліктер
Украинадағы соғыс пен Ресейдегі мобилизация басталғаннан кейін Қазақстан ресейліктер ең көп келген елдердің біріне айналды. Елде соғыс салдарынан келген он мыңдаған Ресей азаматы тұрып жатыр. 2026 жылы құқық қорғаушылар Қазақстаннан ресейліктерді, оның ішінде – Ресейде саяси себептермен қудаланған немесе әскерден қашты деп айыпталған адамдарды епортациялау жағдайлары айтарлықтай көбейгенін атап өтті.