Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:13, 23 Қаңтар 2024

Қазақстан тарихындағы ең жойқын жел сілкіністері

жер сілкінісі
Фото: из открытых источников

Қазақстанның географиялық аумағының көп бөлігі сейсмикалық қауіпті аймаққа жатады. Оның ішінде Алматы қаласы — аса қауіпті сейсмоаумақ ретінде белгілі. Бұған дейін де қазақстандықтар ел тарихында біршама жойқын жер сілкінісінің куәсі болды, Zhasalash.kz ірі зілзалаларға шолу жасап көрді. 

Тарихтағы алғашқы жер сілкінісі Алматыда 1887 жылы қала Верный аталған тұста 9 маусымда тіркелді. Таңғы 5-тер шамасында, магнитудасы 7,3 балл болатын жер дүмпулері сезіледі. Эпицентрдегі максималды күші – 9,10 балды құраған. Кіндік тереңдігі 20 шақырым. Ол жылдары шаһарда шамамен 30 мыңға жуық адам тұрған. Зілзаладан 332 адам көз жұмды. Кейбір деректер бойынша бұл Вернендік апат деп аталады.

Жер сілкінісі
Фото: из открытых источников

 

1889 жылғы 11 шілдеде сағат 15:14-те Тянь-Шань тауларында жойқын апат болды. Жер сілкінісінің магнитудасы 7,9-8 балмен бағаланды. Бұл Шілік жер сілкінісі деп аталды. Апат салдарынан Қазақстан, Қырғызстан және Қытайда 92-ден астам адам қайтыс болды.

1910 жылы 22 желтоқсанда күштілігі жойқын жер сілкінісі Алматыда орын алды. Ол күні магнитудасы – 8,2 баллды құраған 9 балдық жер сілкінісі болды. Апат салдарынан 44 адам қаза тапқан. Апаттың күштілігіне орай оған "Кеминдік" деген атау берілген. Себебі жер тербелісінен соң, қала ішіндегі көшелер қақ айырылып, адам бойымен бірдей жырықтар пайда болған.

Фото: из открытых источников

 

Тарихи деректерге сүйенсек, 1910 жылғы Алматыдағы жер сілкінісінің дүмпулері Екатеринбург, Бомбей және Калькутта сияқты көптеген қалалардың сейсмостансаларында да тіркелген деген мәлімет бар.

2009 жылы қазіргі Жетісу облысының Текелі қаласында (2022 жылға дейін – Алматы облысы) болған жер сілкінісін сейсмологтар қазіргі Қазақстандағы ең күшті жер сілкінісінің бірі деп бағалайды. Жер сілкінісі 13 маусымда жергілікті уақыт бойынша 23:17-де болды. Қаладағы жер асты дүмпулерінің күші 7 баллға жетті.

2024 жылы елдегі кезекті магнитудасы 6,7 балды құрайтын зілзала Алматы қаласында орын алды. Салдарынан 44 адам зардап шекті. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысынан 264 шақырымда, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болды. МSК-64 шкаласы бойынша Алматыда жер дүмпуі - 5 балл, Шымкентте 2 балл болып сезілген.

Жер сілкінісі
Фото: из открытых источников