Бүгін, 15:15
Қазақстан Таяу Шығыстағы қақтығыста ешбір тарапты қолдамайды — СІМ
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің өкілі Әлібек Бақаевтың айтуынша, Қазақстан үшінші мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау ұстанымын ұстанып келген және алдағы уақытта да осы бағыттан айнымайды.
«Бұл жағдайда біз ешбір тарапты қолдамаймыз: Иран жағын да, шабуылға ұшыраған елдер жағын да қолдамаймыз. Біз мұндай әскери қақтығыстардың болмағанын қалаймыз. Егер ондай жағдай туындаса, мәселе тараптардың дипломатиялық келіссөз үстелінде шешілуі тиіс. Біз мұндай қақтығыстар халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысына сәйкес реттелуі керек деген ұстанымды ұстанамыз. Бұл халықаралық құжаттарда нақты көрсетілген. Біздің позициямыз өзгермейді», - деді Әлібек Бақаев Үкіметтегі брифингте.