Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:04

Қазақстан Тайланд пен Камбоджа арасындағы бейбіт келісімді қолдады

1
Фото: из открытых источников

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таиланд Корольдігі мен Камбоджа Корольдігі арасындағы қатынастарды реттеуге бағытталған «Қатынастар туралы бірлескен декларацияның» қабылдануын құптады.

Министрлік бұл құжаттың Оңтүстік-Шығыс Азия аймағындағы өзара сенімді нығайтып, тұрақтылықты қамтамасыз етуге үлес қосатынын атап өтті.

«Қазақстан тараптар қабылдаған шешімді жоғары бағалайды және дипломатияның бейбітшілікті орнатудағы маңызын ерекше атап өтеді. Әлемдік қауымдастық кез келген келіспеушілікті тек келіссөздер арқылы шешуі тиіс», — делінген ведомствоның мәлімдемесінде.

Аталған декларация 26 қазанда Куала-Лумпурда өткен 47-ші АСЕАН саммиті аясында қабылданған болатын. Құжатқа қол қою рәсіміне АҚШ президенті Дональд Трамп пен Малайзия премьер-министрі Анвар Ибрагим де қатысты.