Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:57, 14 Қаңтар 2026

Қазақстан Трамптың ескертуіне қатысты пікір білдірді

Трамп
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі халықаралық сауда-экономикалық ахуалдағы өзгерістерді, соның ішінде АҚШ-тың Иранмен сауда байланысы бар елдерге қатысты жасаған мәлімдемелерін жіті бақылап отырғанын мәлімдеді.

Министрліктің хабарлауынша, ықтимал шектеу шараларының нақты параметрлері әзірге айқындалмаған.

Сонымен қатар Қазақстан өзіне алған халықаралық сауда-экономикалық міндеттемелерді мүлтіксіз орындап келеді және сыртқы экономикалық саясатта теңгерімді әрі прагматикалық ұстанымды сақтайды.

Еске салайық, АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен іскерлік байланыс орнатқан елдерге қатысты кез келген коммерциялық операцияға 25 пайыздық тариф енгізілетінін жариялаған болатын.

Тегтер: