Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:40, 10 Қазан 2025

Қазақстан жол апатынан көз жұматындар саны бойынша әлемде алғашқы үштікке енді

Жол апаты
Фото: ЖИ

Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясының деректеріне сәйкес,Қазақстан миллион тұрғынға шаққандағы жол апаттарынан өлім көрсеткіші бойынша әлемде үшінші орында, Ресей мен АҚШ-тан кейін орналасқан.

Тек 2025 жылдың тоғыз айында елімізде жол-көлік оқиғаларынан 1600-ден астам адам көз жұмып, 35 мыңнан аса адам түрлі жарақат алған.

Прокуратураның мәліметінше, жол апаттарының 86%-ы жүргізушілердің, ал 14%-ы жаяу жүргіншілер мен басқа қатысушылардың кінәсінен орын алады.

«Статистика көрсеткендей, жол қауіпсіздігі саласындағы жағдай әлі де өте күрделі. Негізгі себеп — адам факторы», — деп атап өтті прокуратура өкілдері.

Айта кетейік, қыркүйек айында елімізде 25 адам жол апатынан көз жұмды.

  • 11 қыркүйек күні Маңғыстау облысында шағын автобус аударылып, салдарынан 10 адам қаза болды.

  • 14 қыркүйекте Жетісу облысында үш көлік соқтығысып, қарсы бағытқа шыққан бір автокөліктің әрекетінен тағы 10 адам мерт болды.

  • Ал Қарағанды облысында болған апатта 5 адамның өмірі үзілді.

Тегтер: