Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:38, 18 Желтоқсан 2023

Қазақстанда 1,5 триллион теңге көлеміндегі зейнетақы жинақтарын тәркілеуге қарсы петиция басталды

БЖЗҚ
Фото: из открытых источников

«Қазақстан үкіметі халықтан сұрамай-ақ, өз қалауынша, халықтың ондаған жылдар бойы тынымсыз еңбекпен жиналған ақшасын небір түсініксіз жобаларға салғысы келеді. Біз, петицияға қол қойған азаматтар, бұл бастамаға қарсымыз! Әлі күнге дейін қарызын өтемеген олигархтар мен екінші деңгейлі банктердің ақшасын Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларға салсын!» делінген петиция мәтінінде.

ҚР Энергетика министрі Сәтқалиевтың айтуынша, 1,5 триллион теңге зейнетақы жинақтары энергетика саласына инвестицияланады деген ақпарат жалған.

Ал Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев болса, Бірыңғай зейнетақы қорынан инфрақұрылым нысандарына бағытталатын қазақстандықтардың 1,5 триллион теңге зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік берді.

Еске салайық, 23 қарашада Премьер-Министр Әлихан Смайылов Бірыңғай зейнетақы қорынан азаматтардың 1,5 триллион теңге көлеміндегі зейнетақы жинақтарын инфрақұрылымға инвестициялау жоспарын растаған болатын.