Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:53, 29 Маусым 2024

Қазақстанда 2024-2029 жылдарға арналған жасанды интеллект даму тұжырымдамасы қабылданады

Жасанды интеллект
Фото: ашық дереккөз

2024 жылы Қазақстанда жасанды интеллектті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданады.

Биыл 7 ақпанда еліміз президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жасанды интеллектіні дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берген болатын. Соның негізінде үкіметтің кеңейтілген отырысында отырысында аталған тұжырымдаманың концепциясы қабылдану жоспарланып жатыр. Жасанды интелектіні дамыту бойынша бұл отырыста ЖИ-дің еліміздің дамуына тигізетін бірқатар концепциясы талқыланады. 

Жасанды интеллект адамдардың өмір сүру салтына енгелі технологияда біраз өзгерістер енді. Қазіргі күнде жасанды инттелект адам өміріндегі маңызды құрал саналады. Жасанды интеллект технологияларын қолдануды кеңейту, цифрлық деректерді жинау, сақтау және өңдеу жүйесін жетілдіру мақсатында қазіргі таңда елімізде осы салада білікті кадрларды даярлау, осы бағыттағы ғылыми жобаларды қолдау бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.

Жасанды интеллект туралы айтқанда оның бизнестегі және ақпараттық технологиядағы орнын талдау қажет. Жасанды интеллекттің осы салаларға біртіндеп енуі жасанды интеллект құралдарының санының өсуін қамтамасыз етеді. Жасанды интеллект технологиялары адамдар орындайтын тапсырмаларды автоматтандыру арқылы өнімділікті арттыруға көмектесетіні рас. Дегенмен, қазір оның ауқымы кеңейіп келеді, енді жасанды интеллект арқылы адамдардың мінез-құлқын, оқушылардың қабілетін, қызметкердің жұмысқа деген көзқарасын анықтауға болады. Қысқаша айтқанда, болашақта ЖИ өміріміздің барлық саласында маңызды рөл атқарады. Әу, баста «Жасанды интеллект» термині 1956 жылы ғылымға енгізілді. Осы жазда АҚШ-тың Дартмут университетінде жасанды интеллект туралы конференция өтті. Оған Клод Шеннон (Bell Laboratories), Натаниэль Рочестер (IBM), Герберт Саймон (Карнеги университеті, Тренчард Мур (Принстон университеті), Джон Маккарти (Дартмут университеті), Марвин Мински (Гарвард университеті) сияқты ғалымдар қатысты.

Әлем елдерінде жасанды интелектінің маңыздылығы артып бара жатқанда Қазақстанда бұл саланы дамытудан шет қалмауы тиіс. Жасанды интеллект еліміздің дамуының маңызды басымдықтарының бірі. Қазақстанның болашағы мен оның халықаралық қоғамдастықтағы орны осы жұмыстың табысты болуына байланысты. ЖИ дамыту үшін базалық институционалдық ортаны құру қажет. Бұл стратегияны әзірлеуді, қажетті инфрақұрылымды құруды және кадрларды оқытуды қамтиды. AI медицина, білім, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы сияқты әртүрлі салалардағы экономикалық прогресс пен инновацияның қозғаушы күші бола алады. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жасанды интеллекттің (AI) дамуы туралы бірнеше рет айтқан болатын.

«Жасанды интеллект енді ғылыми фантастика емес, біздің көз алдымызда жасанды интеллект технологиясы революциялық болып табылады және ол адамның өмір салтын түбегейлі өзгерте алады жұмыс процестері және айтарлықтай экономикалық құндылық жасайды», - деген еді мемлекет басшысы.

Тоқаев, сондай-ақ, интеллектіні дамыту этикалық стандарттар мен қағидаттарды сақтай отырып жүзеге асырылуы тиіс екенін атап өткен еді.

Жасанды интеллект даму тұжырымдамасы нені білдіреді?

Бұл біздің елге мүмкіндік беретін маңызды қадам саналады. Себебі, біріншіден, осы арқылы Қазақстан Орталық Азиядағы AI саласындағы көшбасшылардың бірі болады. Екіншіден, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Үшіншіден, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарады.

Бұл тұжырымдамада мынадай мақсаттар қойылды:

- ЖИ экожүйесін құру;

- ЖИ дамыту үшін қолайлы климат құру;

ЖИ-ді экономиканың барлық салаларына енгізу.

Ал 2029 жылға қарай Мемлекеттік қызметтердің 20 пайызы ЖИ көмегімен көрсетіледі. Кем дегенде 80 мың қазақстандық ЖИ бойынша жалпыға қолжетімді курстан өтеді. Ұлттық жасанды интеллект платформасы негізінде жасанды интеллект көмегімен кемінде 25 шешім жасалады.

Тұжырымдаманы іске асыру бірнеше кезеңнен тұрады

2024-202 жылға қарай ЖИ дамытудың нормативтік-құқықтық базасын құру. Адам ресурстарын қалыптастыру және ЖИ үшін инфрақұрылымды дамыту іске асырылады.

2026-2028 жылға қарай экономиканың әртүрлі салаларында ЖИ шешімдерін әзірлеу және енгізу жүзеге асырылады. Бұдан бөлек ЖИ саласындағы отандық әзірлемелерді қолдау күшейеді және ЖИ туралы халық арасында кеңінен ақпарат таратылады.

2029 жылға қарай тұжырымдаманы іске асырудың тиімділігін бағалау жүзеге асырылады. Алынған нәтижелер бойынша жоспар құрылады, мақсаттар мен міндеттерге түзету енгізіледі.

Қорыта айтқанда, Қазақстанда жасанды интеллектіні дамыту тұжырымдамасы экономика мен қоғамда елеулі өзгерістерге әкелетін ауқымды жоспар. Тұжырымдаманы табысты жүзеге асыру Қазақстанға AI саласындағы әлемдегі көшбасшылардың біріне айналуға мүмкіндік береді.