Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:10, 19 Маусым 2024

Қазақстанда 3 кассациялық сот құрылады

Мәжіліс
Фото: Pixabay.com

ҚР Мәжілісі сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасы аясында Қылмыстық-процестік кодекске (ҚПК), Азаматтық процестік кодекске (АПК), Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске (ӘРПК) және басқа да заңдарға түзетулер енгізіледі.

Жаңа түзетуге сәйкес Жоғарғы Соттың рөлі өзгереді. Сот төрелігін тек жергілікті және кассациялық соттар ғана жүзеге асырады. Жоғарғы Соттың негізгі мақсаты сот тәжірибесін нақтылау және біркелкілігін қамтамасыз ету болады.

Осыған байланысты Жоғарғы Сот судьясының бастамасы бойынша жоғары сот органы жергілікті соттардың шешімдерін ерекше жағдайларда қайта қарайды:

  • егер сот тәжірибесіне қайшы келетін шешімдер қабылданса
  • құқықты дамыту мүддесінде қайта қарауды талап етсе.

Сондай-ақ Жоғарғы Сот төрағасының өкілдігі институтын жою ұсынылып отыр.

Тегтер: