Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:15

Қазақстанда 6 балдық жер сілкінісі болды

Сілкінісі
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда 8 шілде күні жер сілкінісі болды. 

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС мәлімдеді. Жерасты дүмпулері Астана уақытымен сағат 14:30-да тіркелген.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 334 шақырым жерде орналасқан. Сондай-ақ, Тараз бен Бішкек тұрғындары 4.8 магнитудалы жер сілкінісін сезді. Жер сілкінісінің ошағы Жамбыл облысында, Қырғызстан шекарасына жақын орналасқан.

Сілкінісі
Фото: БАҚ

EMSC қосымшасының пікірлерінде Қазақстан мен Қырғызстан тұрғындары аздаған дүмпулер мен жиһаздың қозғалғанын жазып жатыр.
Сілкініс күші елдің бірнеше елді мекенінде сезілді:

  • Құлан – 6 балл;
  • Мерке – 5 балл;
  • Шу, Сарыкемер, Төле би, Тараз – 3 балл;
  • Аса, Мойынқұм, Қордай, Бауыржан Момышұлы, Қаратау, Тұрар Рысқұлов – 2 балл.

Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен ТЖМ командалық орталығының жедел штабы бейнеконференция форматында жиналыс өткізді. Онда өңірдегі ахуал егжей-тегжейлі талқыланды.

ҚР ТЖМ-нің жеке құрамы мен техникалық құралдары кез келген жағдайға жедел әрекет етуге толық дайын. Қазіргі уақытта қирау немесе зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелген жоқ.

Тегтер: