Қазақстанда АИ-95 және АИ-98 бензинінің бағасы 1 қаңтардан бастап өсуі мүмкін бе?
Журналистер Ерлан Ақкенженовтен 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бензин мен жанар-жағармай материалдарының бағасының өсуі мүмкін бе деген сұраққа жауап сұрады.
Министрдің айтуынша, қымбат жанар-жағармай түрлері (АИ-95 және АИ-98) мемлекет тарапынан реттелмейді, сондықтан олардың бағасы өзгеруі мүмкін.
«Егер ГСМ туралы айтатын болсақ, ең алдымен әлеуметтік маңызы бар түрлерін айту керек — бұл АИ-92 бензині мен дизель отыны, олар бұрын мемлекет тарапынан реттелетін. АИ-95, АИ-98 бензиндері реттелмеген, сондықтан олардың бағасы өсуі мүмкін. 92-бензин мен дизель отыны бойынша бізде мораторий жарияланған — 2026 жылғы наурыздың соңына дейін бағалар өзгермейді, соның ішінде сұйытылған газ да бар», - деді министр.
Ол заң бойынша мемлекет тек жылына екі рет қана бағаларды түзете алатынын, ал мораторий наурыз айына дейін күшінде екенін тағы бір мәрте атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның ірі қалаларында танымал АИ-92 бензинінің бағасы жылдам өскені хабарланған. Сондай-ақ, жақында елде бензин мен дизельді, соның ішінде ЕАЭО елдеріне шығаруды шектеу туралы жаңа шектеу енгізілгені белгілі болды.