Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:31, 17 Сәуір 2025

Қазақстанда алтын құймалары айырбастау орындарынан алынды

1
Фото: из открытых источников

Қазақстан Ұлттық банкі екінші деңгейлі банктер мен айырбастау пунктеріне аффинирленген алтын құймаларын сатуды уақытша тоқтатты. 

Неліктен алтын құймалар жоқ?

Айырбастау пункттері қауымдастығының төрағасы Арчин Галимбаевтың айтуынша, елдегі айырбастау орындарында алтын құймалары таусылған. Ұлттық банк мұны алтын өндіру мен жеткізу процесінің көп сатылы және ұзақ уақыт алатын ерекшеліктерімен түсіндіріп отыр. "Қазіргі таңда Ұлттық банк өндірістік-логистикалық циклдің ерекшеліктеріне байланысты екінші деңгейлі банктер мен айырбастау пункттерінен түскен тапсырыстарды орындауды уақытша тоқтатты", — делінген ресми түсініктемеде.

Алтын құймаларының жаңа партиясы 2025 жылдың II тоқсанының соңына қарай келеді деп күтілуде. Сол кезде жаңа тапсырыстар кезекпен қаралады.

Алайда, балама ретінде Ұлттық банк:

  • өз филиалдарының кассалары арқылы қосымша комиссиясыз алтын және күміс инвестициялық монеталар сатылатынын,

  • егер алтын құймасының қорғаныш қаптамасы бұзылмаған болса, банктер мен айырбастау орындары оларды халықтан қайта сатып алып, әрі қарай сата алатынын айтты.

Алтын бағасы рекорд орнатып, алғаш рет унциясы 3 330 АҚШ долларынан асты. АҚШ-тағы сауда саясаты мен геосаяси белгісіздіктер инвесторлар қызығушылығын арттырған.

Қазақстанда:

  • Ұлттық банктің 17 сәуірдегі мәліметінше, бір грамм алтын – 55 421 теңге;

  • Кейбір банктерде сатылым бағасы 60 241 теңгеге жетті;

  • Соңғы бір жылда алтын құймаларының бағасы 62%-ға өскен.

11 сәуірде ҰБ төрағасы Тимур Сүлейменов алтынды шетелге сатуды 19 ақпаннан бастап тоқтатқанын айтты. Биыл 8 тонна сатылғанымен, жалпы жоспарланған көлем – 67 тонна, және ол толықтай ішкі нарықта жиналып, Ұлттық қорда сақталмақ.

2024 жылы ел ішінде 2,5 тонна (71 106 құйма) сатылып, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 84%-ға көп болды.

Тегтер: