Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:20, 09 Қыркүйек 2024

Қазақстанда әскерге бару міндетін алып тастау туралы петиция жарияланды

и
Фото: gov.kz

Қазақстанда міндетті әскерге бару талабын алып тастау туралы петиция жарияланды. Ол Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне жолданады. 

Петицияның жариялануына соңғы кезде болған әскери қызметкерлердің өлімі себеп болған. Петиция авторлары бұл қайғылы оқиғалар қазіргі әскери қызмет жүйесіндегі өрескел кемшіліктерді әшкереледі деп санайды.

Олар әскерге бару міндетін алып тастауға бірнеше себеп барын айтады.

  • Әлімжеттік және жарғыға сай емес әрекеттер;
  • Шақырылған сарбаздардың біліктілігінің төмендігі және қазіргі заманғы сын-қатерлерге дайын еместігі;
  • Медициналық бақылаудың және қауіпсіздіктің жеткіліксіздігі;
  • Психологиялық қысым және суицид жағдайлары;
  • Әскерге шақырылушыларға қызмет етудің жеке мотивациясы мен мағынасының болмауы.

Айта кетейік, 8 қыркүйек күні Ақтау гарнизонында 25744 әскери бөлімінде әскери қызметші мерт болды. Ресми дерек бойынша командир сарбаздың бетіне оқ атқан. 

Іс Қорғаныс министрінің ерекше бақылауына алынғаны айтылады. Қайғылы жағдайдың мән-жайлары жан-жақты тексеріліп, тергеу органдарына объективті тергеу жүргізу үшін толық көмек көрсетіліп жатқаны айтылады.

Ал, 6 қыркүйек күні ҚР Президентінің 2024 жылғы 1 ақпандағы Жарлығына сәйкес Қазақстанда күзгі әскерге шақыру басталған болатын. Оған сәйкес, Қазақстан армиясының қатары 20 мыңнан астам сарбазбен толығады деп жоспарланған.