Қазақстанда әскери қызметке запастағы офицерлер шақырылады
Қазақстанда әскери қызметке запастағы офицерлер екі жыл мерзімге шақырылады.
Үкіметтің «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысына сәйкес, 2025 жылы әскери қызметке жарамды және бұрын оны өтемеген запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады.
Қарулы Күштер қатарына 700 офицер, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне 80 офицер, Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланына 131 офицер, Төтенше жағдайлар министрлігіне 4 офицер шақыру жоспарлануда. Келер жылы жалпы 915 запастағы офицер шақырылады.
"Заңда белгіленген тәртіппен 2025 жылы әскери қызметке жарамды және оны өтемеген запастағы офицерлер 24 ай мерзімге әскери қызметке офицерлік лауазымдарға шақырылсын," — делінген құжатта.
Қаулы 2024 жылы 30 қарашадан бастап күшіне енеді.
Еске салайық, 2024 жылы Қазақстанда қызметке жарамды, бірақ оны өтемеген 752 запастағы офицер әскери қызметке шақырылды.