Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:55

Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы қашан өсетіні белгілі болды

Зейнет
Фото: ашық дереккөз

Зейнетақы қорының мәліметіне сәйкес, 2026 жылы Қазақстанда зейнеткерлік жас өзгеріссіз қалады. 

Ерлер бұрынғыдай 63 жаста, ал әйелдер 61 жаста зейнетке шыға береді. Бұл көрсеткіш әйелдер үшін 2027 жылдың соңына дейін сақталады.

Ал 2028 жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы кезең-кезеңімен ұлғая бастайды. Жоспар бойынша, жыл сайын 6 айға өсіп отырады:

🔺2028 жылдан бастап – 61,5 жас;

🔺2029 жылдан бастап – 62 жас;

🔺2030 жылдан бастап – 62,5 жас;

🔺2031 жылдан бастап – 63 жас.

Осылайша, 2031 жылдан бастап Қазақстанда ерлер мен әйелдердің зейнеткерлік жасы теңестіріліп, 63 жас болып белгіленеді.