Қазақстанда азық-түлік бағасы көтеріледі
Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы көтерілуі мүмкін екенін, бірақ нақты болжам жоқ екенін айтты.
Шаққалиевтің айтуынша, 2024 жылдың басында әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының индексі алғаш рет 0,2%-ды құрады. Оның айтуынша, бұл соңғы 6 жылдағы ең төменгі көрсеткіш.
"Бүгінгі таңда Қазақстандағы азық-түлік емес инфляция мен тарифтердің көтерілуі аясында азық-түлік инфляциясы ең төменгі деңгейде", - деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Қазақстанда отандық азық-түлік бағасы көтерілмейтінін, тек импорттық тауарлардың қымбаттау тәуекелі жоғары. болатынын айтқан болатын.
Ал елімізде азық-түлік бағасының қымбаттап жатқаны БАҚ беттерінде жазылып келе жатыр. Бір жылда баға 6,3 пайызға өскен. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, күріш 19, жеміс-жидек 16, жұмыртқа 14, нан 10 және сүттің бағасы 9 пайызға көтерілген. Сонымен бірге дәрі-дәрмек 11 пайызға, жиһаз бен құрылыс материалдары 6-10 пайызға қымбаттады. Алет былтырға қарағанда 4 пайыздай қымбаттаған. Әсіресе, сұраныс көп сиырдың еті қазір 2700-ге саудаланса, қойдың еті одан біршама жоғары. Бағаның өсуі, әсіресе, Ұлытау, Алматы және Жетісу облыстарында байқалады. Сарапшылар мұны инфляцияның әсері деп отыр. Дегенмен ол жыл басынан бері 9,5 пайыздан 8,7 пайызға төмендеген.