Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:31, 15 Ақпан 2024

Қазақстанда бензин мен дизельге шекті бағасы белгілеу жоспарлануда

бензин мен дизель
Фото: из открытых источников

Қазақстанда бензин мен дизель отынына шекті баға белгілеуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Ашық құқықтық реттеу порталында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің бұйрығының жобасы орналастырылған. Бұйрық жобасы 28 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылады.

Жобада бағаны мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық жанармай құю станциялары арқылы мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын қосылған құн салығын ескере отырып, мынадай мөлшерде белгілеу ұсынылады:

АИ-80 бензині – литріне 89 теңге;
АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин – литріне 205 теңге;
дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – литріне 295 теңге (қазақстандықтар үшін де, шетелдіктер үшін де).

Энергетика министрлігінің мұнайды тасымалдау және қайта өңдеу департаментіне бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" РМК-ға электронды түрде жіберу туралы тапсырма берілген.

«Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», - делінген жобаның мәтінінде.

Айта кетейік, қазір жазғы дизель отынының шекті бағасы шетелдіктер үшін 450 теңге, қазақстандықтар үшін 295 теңге.