Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:46, 09 Қазан 2024

Қазақстанда биыл өртке қарсы техника сатып алуға 52 млрд теңге бөлінді

с
Фото: primeminister.kz

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев өткен жылы техника мен құрал-жабдықтарды сатып алуға 15,9 миллиард теңге бөлінсе, биыл еліміздің орман шаруашылығы тарихында алғаш рет 52 миллиард теңге бөлінгенін айтты.

Министрдің мәліметінше, кейінгі жылдары қолға алынған шаралардың арқасында еліміздің орманды аумағының көлемі 5%-ға дейін артып, 267 мың гектарға ұлғайған.

Орманды сақтап қалу мақсатында орман қорғау мекемелерін өртке қарсы техникамен жабдықтау, орман шаруашылығындағы қызметкерлерді әлеуметтік қолдау (тәуекелдер үшін 100% үстемақы төлемі) бойынша бірқатар шара қабылданды.

Былтыр республикалық және жергілікті бюджеттерден 15,9 млрд теңгеге 526 бірлік өртке қарсы және күзет техникасы сатып алынған болса, биыл еліміздің орман шаруашылығы тарихында алғаш рет 52 млрд теңге бөлініп, 1384 бірлік өртке қарсы техника және 921 тіркеме жабдықтар сатып алынды, оның ішінде 40 млрд теңге лизинг есебінен бөлінді, — деді Ерлан Нысанбаев.