Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:15

Қазақстанда бір аптада 183 мың адам ЖРВИ-ға шалдықты

дәрігер
Фото: Jas Alash

Қазақстанда бір аптада 183 мың адам ЖРВИ-ға шалдықты – бұл өткен жылға қарағанда 16% көп.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың хабарлауынша, науқастардың көпшілігі – балалар, олар барлық жағдайлардың 66%-ын құрайды. Министр бұл өсімнің себебі – тұмау мен маусымдық вирустардың белсенді таралуы деп атап өтті. Оның айтуынша, 1 қыркүйектен бері 1,4 млн адам ЖРВИ-ға шалдыққан, бұл өткен маусымның осы кезеңімен салыстырғанда 20% аз.

Сонымен қатар министр «Гонконг тұмауы» деп аталатын жағдай туралы да айтты.

«Эпидемиологиялық маусымның басынан бері 590 зертханалық расталған тұмау жағдайы тіркелді, оның 587-сі А типі (H3N2), 3-і А типі (H1N1). Биылғы жылы тұмаудың таралуы 41-аптада, яғни қазан айының бірінші жартысында анықталды, бұл өткен маусымға қарағанда сәл ерте. Қазақстан аумағында бұрын таралмаған жаңа тұмау түрлері тіркелген жоқ», - деп қосты министр.

Тегтер: