Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:18, 14 Қараша 2024

Қазақстанда бірыңғай сағат белдеуінің азаматтарға әсері туралы зерттеу жүргізіледі

уақыт белдеуі
Фото: из открытых источников

Ғылым және жоғары білім министрлігінің басшысы Саясат Нұрбек бірыңғай уақыт белдеуінің қазақстандықтарға әсері туралы зерттеу туралы айтты.

Оның айуынша, Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға бірыңғай уақыт белдеуінің әсері туралы арнайы ғылыми зерттеу жүргізуге өтінім берді. Зерттеуге еліміздің жетекші мекемелерін тарту жоспарланып жатыр.

"Біз жетекші институттарды, География институтын, сондай-ақ зерттеудің физиологиялық және медициналық аспектілерімен айналысатын Денсаулық сақтау министрлігінің институттарын тартуды жоспарлап отырмыз. Біз мұны ұсынып, егер мақұлданса, дереу конкурс жариялап, зерттеуге кірісеміз", - дейді министр.

Министр зерттеу жұмыстарын жүргізуге қанша қаражат қажет болатынын айта алмады. Бірақ ол қанша қаражат кететінін анықтауға уәде берді.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға уақыттың ауысуы қазақстандықтарды депрессияға ұшыратты ма деген сұрақ қойылды. Ведомство басшысы бүгінде қазақстандықтардың осындай өтініштері мен азаматтардың денсаулық жағдайын бақылайтын арнайы мониторингтік топ құрылғанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Үш айдан кейін, 7 маусымда уақытты өзгертуден бас тарту туралы петицияға қажетті 50 мың қол жиналды. Тамыз айында Сауда және интеграция министрлігі уақыт белдеуі туралы петицияға қатысты соңғы шешімін жариялады. Одан кейін министр Арман Шаққалиев стандартты уақыттың пайдасы туралы негізделген халықаралық ғылыми зерттеулерге сүйене отырып және денсаулыққа кері әсері туралы растайтын деректер болмағандықтан петицияны қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді.