Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:28, 24 Маусым 2024

Қазақстанда бірыңғай жер салығын жеке табыс салығына ауыстыру ұсынылды

d
Фото: ortkom

Жаңа Салық кодексінде маңызды фискалдық қайтарымы жоқ төлемдер алынып тасталады, кейбірі біріктіріледі. Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда барлығы 12 салық бар. Ал, шаруа және фермер қожалықтарынан алынатын бірыңғай жер салығы табыс салығына сәйкес келеді.

«Бірыңғай жер салығын (БЖС) жеке табыс салығына ауыстыру ұсынылады. Шаруалар мен фермерлер үшін жеңілдігі бар режим сақталады. 11 төлемнің үшеуін алып тастау ұсынылады. Бұл – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану, сыртқы жарнаманы орналастыру және жекелеген қызмет түрлерімен айналысу лицензияларын пайдалану үшін төлемдер. 3 төлемді біріктіру ұсынылады: жер үстіндегі су ресурстарын пайдалану үшін, орманды пайдаланғаны үшін және жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін. Табиғи ресурстарды пайдалану үшін бір төлем болады. Жалпы 77 төлем ставкасы қысқартылады», – деп атап өтті спикер.

Алымдардың 6 түрін қысқарту ұсынылады. Олар бойынша ставкалардың 34 түрі алынып тасталады. Сондай-ақ мемлекеттік баждардың 5 түрі алынып тасталады, олар бойынша ставкалар 51-ге қысқартылады.

 

Тегтер: