Қазақстанда Дариғa Назарбаева тұрақты рейстің бірінде көзге түсті
PR-маман әрі блогер Әлішер Елікбаев ұшақ бортында күтпеген кездесу болғанын айтып берді.
Оның сөзінше, көрші орындықта Қазақстанның экс- президентінің үлкен қызы — Дариға Назарбаева отырған.
Бұл туралы Елікбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Блогер бұрын экс-президенттің отбасы мүшелері тек жеке авиацияны пайдаланады деп ойлағанын жасырмады.
Айтуынша, оқиға Астанадан Алматыға бағытталған кәдімгі тұрақты рейсте болған.
«Мен оны тұрақты рейстермен ұшпайды деп ойлайтынмын. Ұшақ көтеріле сала ұйықтап кеттім, қонар алдында оянсам, көрші орындықта Дариға Назарбаева ұшып келе жатыр екен», — деді Елікбаев.
Сондай-ақ блогер күзетшінің барын да атап өтті.
Еске салайық, 2025 жылдың сәуірінде Дариға Назарбаева Дубай әуежайында да көзге түскен болатын.