17:48, 11 Ақпан 2025
Қазақстанда доллар бағамы тағы 3 теңгеге арзандады

11 ақпандағы Қазақстандағы саудада доллар бағамы қандай болды?
Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,48 теңгеге төмендеп, 506,43 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 11 ақпандағы ресми бағамы долларға 510,49 теңгені құрайды.
kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 507,09 теңгені, ал сату бағамы 509,51 теңгені құрап отыр. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 506,34 теңгеден сатып алынып, 512,38 теңгеден сатылып жатыр.