Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:40, 25 Наурыз 2025

Қазақстанда дүркіретіп той жасағандар салық төлеуі мүмкін

ирак өрт
Фото: из открытых источников

Қазақстанда аста-төк той жасағандар да салық төлеуі мүмкін. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәжіліс кулуарында айтты.

Мәлімет бойынша, мемлекеттік кірістер комитеті енді асабаға, банкетке, тіпті тойбастарға кеткен ақшаны есептеуге кірісті. Егер шығын табысқа сай келмесе, салықшылар тексеріс жүргізуі мүмкін.

Көпшілік той жасау үшін несие алып, жылдар бойы жинаған ақшасын жұмсайды. Енді мемлекеттік кірістер комитеті сол шығындардың қайдан шыққанын жіті тексермек.

«Бұл процесс қоғам қайраткерлерін де, блогерлерді де, қарапайым қазақстандықтарды да айналып өтпейді. Табысы мен шығысында сәйкессіздік анықталса азаматтарға қосымша тексеріс жүргізіледі. Мысалы тойды жүргізген асаба жеке кәсіпкер ретінде тіркелу керек. Табысын декларацияда көрсету керек», дейді қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәжіліс кулуарында.

Тегтер: