Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:54, 30 Қыркүйек 2024

Қазақстанда екі жаңа әуежай салынады

в
Фото: unsplash.com

Шығыс Қазақстан облысында Катонқарағай мен Зайсан әуежайлары салынады. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді.

Көлік министрі Марат Қарабаев жұмыс сапары барысында жаңа әуежайлар орналасатын алаңдармен танысты. Мәселен, Катонқарағай ауданында жаңа әуежай Солдатово ауылының қасында салынады. Бұл ауыл Катонқарағай және Үлкен Нарын ауылдарының арасында орналасқан. Катонқарағай ауылына дейінгі қашықтық 38 шақырымды құрайды. Ал Зайсанда әуежай Сәтбаев атындағы бұрынғы әскери әуеайлақтың аумағында орналасады. Бұл жерден Зайсан қаласына дейінгі қашықтық 25 шақырымды құрайды.

Бастапқы кезеңде әуежайларда Q400, ATR 42/72, CRJ200 әуе кемелері үшін ұзындығы 2200 метр жасанды ұшу-қону жолағы салынады. Әуе кемелерінің бұл түрлері Астана мен Алматыдан облыстың туристік орындарына дейін әуе қатынасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кейін бұл жолақты кеңейту жұмыстары жүргізіліп, сыйымдылығы көбірек үлкен ұшақтарды (Airbus А320, Boeing 737) қабылдауға да мүмкіндік бар, делінген хабарламада.

Қарабаевтың айтуынша, үш әуежайдың да құрылысы келесі 2025 жылы басталады. Министр жергілікті атқарушы органның өкілдерімен, құрылыс және авиация саласының сарапшыларымен кездесу өткізді, онда әуежайлар салу жоспары талқыланды. Аталған учаскелер төмендегідей факторларға сәйкес таңдалған.

Авиация және құрылыс саласының сарапшылары мен жобалаушылар алдын ала зерттеулер жүргізді:

  1. Жер бедері мен метеожағдай ескерілді;
  2. 2. Әуе кемелерінің қонуына кедергі жоқ;
  3. 3. Қонудың екі курсынан да әуе кемелерін қабылдау-шығару мүмкіндігі;
  4. 4. Әуежай инфрақұрылымын болашақта кеңейту мүмкіндігі бар;
  5. 5. Ыңғайлы локоция (Үлкен Нарын, Катонқарағай, Зайсан, Тарбағатай маңы) ;
  6. 6. Инженерлік инфрақұрылымның болуы және қолданыстағы жолдарға жақын орналасуы. бар