Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:41

Қазақстанда екі жерде толық жұмыс істеуге тыйым салынады

жұмыс
Фото: из открытых источников

Қазақстанда бір мезетте екі жерде толық жұмыс істейтін азаматтарға шектеу қойылмақ. 

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин  мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, Еңбек кодексіне сәйкес, толық жұмысқа тек бір ғана жерде рұқсат етіледі. Ал екінші жұмыс тек қосымша еңбек ретінде қарастырылуы тиіс.

 «Егер бір жерде толық жұмыс істесе, екіншісі қосымша ғана болуы керек. Мұның бәрі еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі арқылы бақыланады», – деді Анафин.

Оның айтуынша, заң бұзушылықтар туралы ақпарат тікелей еңбек инспекторларына түседі, бұл заңсыз еңбекке жол бермеуге мүмкіндік береді.

Енді  екі жерде толық жұмыс істеп жүргендер жұмыстан кетуге немесе келісімшарттарын түзетуге міндетті болады.

Егер азамат ауысыммен жұмыс істесе (мысалы, тәулігіне бір рет), ол басқа жұмысқа тек демалыс нормалары сақталған жағдайда ғана орналаса алады.

Кейбір азаматтар табысынан айырылуы мүмкін деген сұраққа Анафин министрлік әзірге тек мемлекеттік ұйымдармен жұмыс істеп жатқанын, ал жеке секторға бұл шектеу қолданылмайтынын айтты.

Енді азаматтардың еңбек шарттары туралы мәліметке кадр бөлімдері тек қызметкердің келісімімен ғана қол жеткізе алады.

Бұл тәсіл азаматтардың құпиялылық құқығын сақтап, өз деректеріне бақылау жасауға мүмкіндік береді.