15:14, 10 Қыркүйек 2024
Қазақстанда екі жылда 1,5 трлн теңге болатын активтер қайтарылды - Бас прокуратура
Қазақстанда 2022 жылдың басынан құны шамамен 1,5 трлн теңге болатын активтер мемлекетке қайтарылды.
Былтыр Парламент қабылдаған бейінді заң нормалары 2023 жылдың 12 қыркүйегінде толығымен күшіне енді. ҚР Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков осы шаралардың аралық нәтижелерімен таныстырып өтті.
«Активтерді қайтару жөніндегі іс-қимыл заң қабылданғаннан едәуір бұрын басталған. 2022 жылдың басынан еліміздің құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік, уәкілетті мемлекеттік органдардың дәстүрлі шараларымен құны шамамен 1,5 трлн теңге болатын активтер қайтарылды. Бұл қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша мемлекет пайдасына өндірілген сомалар мен мүліктер және мемлекеттік органдардың бақылау, қадағалау қызметі аясындағы өндірулер», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Оқи отырыңыз