Қазақстанда экотуризмге сұраныс артып келеді
Елімізде эклолгиялық туризмге деген сұраныс уақыт өткен айын артып келеді. Туризм және спорт министрлігінің хабарламауынша, 2023 жылы 2,4 миллионнан астам адам ұлттық саябақтарға барған.
Жыл сайын әр өңірдегі визит-орталықтардың да саны арта түсуде. Жалпы Қазақстан бойынша 16 визит-орталық болса, оны жетеуі ұлттық саябақта орналасқан.
Қазақстандағы «Алтын Емел», «Шарын» және «Іле-Алатау» саябақтары туристер үшін жаңадан эко-орталығын ашты. Сонымен бірге туризм саласын дамытудағы маңызды қадамдарының бірі – фермерлерге өз учаскелерінде агротуризммен айналысуға рұқсат беру болды. Бұл шешім ауылды дамытуға септігін тигізіп қана қоймай, 10 мыңнан астам ауыл тұрғындарын қосымша жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
Қарқынды жұмыстардың арқасында елімізге 2024 жылдың аяғына дейін 10 млн-нан астам турист тарту жоспарланған. Бұған мүмкіндік те бар, себебі еліміздің табиғаты әсем, ауасы саф жерлері шетелдік туристерді жыл сайын өзіне қызықтыра түсуде. Мысалы, 2023 жылы Қазақстанға алыс-жақын шетелден 9 млн қонақ келген. Соның арқасында жатын оырн берушілер, қонақүйлер, пансионотар мен хостелдер 229 млрд теңге табыс тапқан. 2022 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш екі есе көп. Себебі осыдан екі жыл бұрын елімізге 4 млн 700 мың турист келген болатын. Кейбір елдерге визасыз режим енгізізгелі туристер саны тіпті арта түсті. Мысалы, Қытаймен визасыз режим енгізгелі бұл елден Қазақстанға 400 мың турист келген. Жалпы, қазір елімізге 82 елдің азаматы визасыз келе алады.
Туристерді қызықтыратын еліміздегі танымал экотуризм бағыттары:
- Алакөл көлі: емдік балшықтарымен және термалды көздерімен әйгілі.
- Ақсу-Жабағылы қорығы: реликті ормандары, сарқырамасы және петроглифтері бар тау сілемі.
- Бурабай табиғи саябағы: саф көлдер, жартастар, қылқан жапырақты ормандар.
- Катон-Қарағай ұлттық паркі: тау пейзаждары, мұздықтары мен реликті жануарлары бар Қазақстандағы ең үлкен саябақ.
- Қорғалжын қорығы: құстардың мекені болып табылатын бірегей сулы-батпақты экожүйе.
- Қызыларай жотасы: жаяу серуендеуге, атқа мінуге және құстарды бақылауға өте ыңғайлы орын.
Экологиялық туризмді насихаттайтын «Аюсай» орталығы
Дәл осы экотуризм бағыттары сияқты Алматыдағы «Аюсай» визит орталығына да жыл сайын келушілер саны арта түсуде. «Аюсай» орталығында ұлттық саябақ туралы барлық қажетті ақпарат бар. Бұл жерде табиғатқа зиян келтірмей қауіпсіз демалыс негіздерін түсіндіру үшін шатқалда еріктілер мен кәсіби альпинистер мектебі жұмыс істейді. Олар экологиялық білім беру бойынша арнайы білім беретін тегін дәрістер топтамасын дайындаған. Табиғатқа деген құрметті насихаттау мақсатында келушілер орталығында әртүрлі қалдықтарды сұрыптауға арналған қоқыс жәшіктері бар. Ал ішкі туризмді танымал ету үшін қызықты әрі тартымды кәдесый өнімдері, оның ішінде жаяу серуендеуге қажетті термостар дайындалған. Бұл жерде ұлттық парктер Республиканың туризм индустриясын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасындағы экологиялық туризмді ілгерілетудің негізіне айналуы тиіс екені айтылады.
Қорықта жаяу және кемпинг, жартасқа өрмелеу және альпинизм, шаңғы тебу, отбасылық демалыс, велоспорт, құстарды бақылау, атпен жүру, рафтинг сияқты туризм түрлері дамыған. Визит орталығының пайда болуымен бұл туристік мүмкіндіктер кеңейе түскен.