Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:14

Қазақстанда ет бағасы БАӘ мен Еуропаның бірқатар елдерінен қымбат

ет бағасы
Фото: Жас Алаш коллаж

Қазақстанда сиыр еті Біріккен Араб Әмірліктері мен Еуропаның кейбір елдеріне қарағанда қымбат.

 Бұл туралы Ranking.kz порталы келтірген Global Product Price деректерінде айтылған.

Дереккөз мәліметінше, 2026 жылдың қаңтарында Қазақстан сиыр етінің қымбаттығы бойынша 76 елдің ішінде 42-орынға тұрақтаған. Бір келісі — 15,1 доллар немесе шамамен 7,4 мың теңге.

Материалда кейбір елдерде сиыр еті Қазақстанға қарағанда арзан екені көрсетілген. Мәселен:

Біріккен Араб Әмірліктері — 12,5 доллар (шамамен 17%-ға арзан),

Словения — 14,6 доллар,

Румыния — 14,2 доллар,

Сингапур — 13,7 доллар,

Мексика — 12 доллар,

Сауд Арабиясы — 9,9 доллар.

Ет бағасына қатысты талқылаулар аясында Ranking.kz «Бәйтерек» холдингінің басшысы Рустам Қарагойшиннің Қазақстанда ет бағасы «шын мәнінде төмен» деген мәлімдемесіне назар аударады.

Алайда Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2026 жылғы ақпанның алғашқы онкүндігінде сүйексіз сиыр етінің орташа бағасы 1 келі үшін 4,9 мың теңге болған. Жылқы еті — 4,1 мың теңге, қой еті — 3,9 мың теңге.

Р
Фото: Ranking.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, қалалар бойынша ең жоғары орташа баға:

Астана — 6,1 мың теңге,

Петропавл — 5,6 мың теңге,

Қонаев — 5,2 мың теңге.

Ең төмен баға:

Павлодар — 4,1 мың теңге,

Семей — 4,2 мың теңге,

Талдықорған — 4,2 мың теңге.

Жылдық есепте сиыр етінің бағасы ақпан айында орта есеппен 26,8%-ға өскен. Кейбір қалаларда өсім бұдан да жоғары болған:

Жезқазған — 48,2%,

Көкшетау — 40,9%,

Түркістан — 37,2%.

Материалда ет бағасының өсуі жаһандық үрдіс екені де атап өтілген. Өзіндік құнның артуына жем-шөп, ветеринариялық препараттар және логистика бағасының қымбаттауы әсер етуде. Индикатор ретінде БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) баға индексі келтірілген: 2026 жылдың қаңтарында ол 123,8-ді құраған.

Тегтер: