Бүгін, 11:11
Қазақстанда ет бағасы бір жылда 18%-ға қымбаттады
Қазақстанда соңғы бір жылда ет бағасы орта есеппен 18%-ға өскен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының деректерінде айтылды.
Ең қатты қымбаттаған ет түрі — қой еті. Оның бағасы 24,5%-ға артқан. Одан кейін сиыр еті тұр — шамамен 22%-ға өскен. Жылқы еті де 15%-ға қымбаттаған.
Салыстырмалы түрде қолжетімді ет түрлері де қымбаттаудан тыс қалмаған. Шошқа еті 13,5%-ға, ал құс еті шамамен 11%-ға өскен.