Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:01

Қазақстанда еуро бағамы өсті

Теңге
Фото: ortcom.kz

 Қазақстандағы айырбастау орындарында еуро бағамы айтарлықтай қымбаттады. 21 сәуір күнгі жағдай бойынша, Астанада еуроны 605 теңгеден сатып, 595 теңгеден сатып алуда. Алматыда да еуро 605 теңгеден сатылып, 598 теңгеден қабылдануда.

Салыстырар болсақ, 18 сәуірде елордада еуро орта есеппен 595 теңгеден сатылып, 588 теңгеден сатып алынған. Алматыда бұл көрсеткіш сәйкесінше 597 және 592 теңге болған еді.

Ұлттық банктің 21 сәуірге бекіткен ресми бағамы — 1 еуроға 593,5 теңге.

Доллар мен рубльге не болды?

Сағат 11:50-дегі мәліметке сәйкес, доллар Астана айырбастау орындарында орташа есеппен 526,60 теңгеден сатылып, 519,60 теңгеден сатып алынып жатыр. Алматыда доллар 522,83 теңгеден сатылып, 520,63 теңгеден сатып алынуда.

Ресей рублі Астана мен Алматыда бірдей бағамен — 5,01 теңгеден сатылып, 4,89 теңгеден қабылдануда.

Ұлттық банк белгілеген ресми бағам:

  • 1 доллар — 521,90 теңге

  • 1 рубль — 6,39 теңге

Сарапшылар не дейді?

Қаржы нарығының кәсіби қатысушылары доллар бағамына қатысты өз болжамдарымен бөліскен болатын. Ал Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, айырбас бағамындағы ауытқуларға қарамастан, қазақстандықтар әлі де өз жинақтарын ұлттық валютада сақтауды жөн көреді.

Сүлейменов теңгенің күрт құнсыздануы ықтималдығын жоққа шығарып, еркін айналым режимінде теңге бағамының басқарылуы мүмкін екенін және ол ішкі-сыртқы факторларға байланысты қалыптасатынын атап өтті.

Тегтер: