Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:25

Қазақстанда қалдық қоқыстан жол салына ма?: министрлік жауап берді

Министрлігі
Фото: zhasalash.kz

Қазақстанның Көлік министрлігі елде жол салуға техногендік минералдық түзілімдерді (ТМТ) пайдалану жоспарын жариялады.

Бұл жөнінде министрліктің ресми сайтында 2025 жылғы 10 шілдеде хабарланды.

Жоспарға сәйкес, күл, шлак секілді өндірістік қалдықтар қайта өңделіп, жол құрылысында қолданылмақ. Мамандардың айтуынша, мұндай тәсіл жол салуға жұмсалатын шығынды азайтып, қоршаған ортаға келетін зиянды айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

— Қайта өңделген қалдықтарды жол салу және жөндеу жұмыстарына тиімді қолдануға болады. Мұндай материалдар сапасы жағынан дәстүрлі материалдардан кем түспейді. Бұл — бәріне тиімді шешім: мемлекет шығынды азайтады, кәсіпорындар қалдықтарды кәдеге жарату мәселесін шешеді, ал қоршаған орта тазарады, - деп атап өтті «ҚазжолҒЗИ» АҚ вице-президенті Ерік Әмірбаев.

Жоба толық іске асуы үшін заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу қажет. Сонымен қатар қалдықтарды өңдейтін кәсіпорындарға салықтық жеңілдіктер мен ынталандыру шараларын қарастыру ұсынылған. Қазірдің өзінде Павлодар мен Қарағанды облыстарында өндірістік қалдықтарды кешенді бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бағалау нәтижесінде жол салуға жарамды материалдардың тізімі жасалып, Бірыңғай жол-құрылыс материалдары базасына енгізіледі.

Министрлік өкілдері бұл бастаманың халықаралық тәжірибеде кең тарағанын айта отырып, оны Қазақстанда да тиімді енгізуге болатынына сенімді. Ғалымдар жоспардың тиімді іске асуы үшін қайта өңделген материалдарды қолдану бойынша тиісті талаптарды заңнамада бекіту қажет екенін алға тартады. Сонымен қатар қалдықтарды өңдеумен айналысатын кәсіпорындарға салықтық жеңілдіктер мен ынталандыру шараларын қарастыру ұсынылады.

Айта кетейік, Алматы қаласында 11 шілде күні сағат 23:00-ден 12 шілде сағат 08:00-ге дейін Абая даңғылының бір бөлігінде (Назарбаев – Абылай хан аралығы) жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

Тегтер: