Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:31

Қазақстанда қан қысымына қарсы препараттың тіркеуі жойылды

Дәрі
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда артериялық гипертония мен жүректің ишемиялық ауруын емдеуге арналған препараттардың бірі енді ресми түрде сатылмайды және таратылмайды.

Бұл туралы TengriHealth хабарлады.

Аталған препарат  Германияда өндірілген «Изоптин» (белсенді заты – верапамил) 40 мг. Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті аталған дәрінің тіркеу куәлігін кері қайтарып алды.

Анықтама: «Изоптин (верапамил)» – жүрек-қантамыр ауруларын емдеуге арналған дәрілік препарат.

Қолданыстағы тіркеуі болмаған жағдайда, дәрі Қазақстан аумағында заңды түрде айналымда бола алмайды.

Тиісті бұйрыққа 2026 жылғы 9 ақпанда Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы қол қойған.

Құжатта препараттың тіркеуден не себепті алынғаны көрсетілмеген.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі эректильді дисфункцияны емдеуге қолданылатын бір препараттың медициналық қолданысына тыйым салып, оны айналымнан алып тастау туралы шешім қабылдағаны хабарланған еді.

Тегтер: