Қазақстанда қайта өңделетін материалдарды кәдеге жаратуға қызығушылықтың артып жатыр
Қазақстан жасыл болашақ жолында. Біз қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың маңыздылығын жиі айтамыз.
Ал Қазақстан да бұл жаһандық үрдістен шет қалған жоқ. Кейінгі жылдары қайта өңдеуге қызығушылық айтарлықтай артты. Бұл қазақстандықтардың табиғатты сақтаудағы жауапкершілігін сезініп, еліміздің тұрақты дамуына үлес қосуға ұмтылғанын аңғартады.
Қайта өңделетін заттарды кәдеге жарату бұл мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстанның» жүзеге асып жатқан бір көрінісі деп есептеуге болады. Президент Тоқаев өз сөзінде «Таза Қазақстанды» қоғамдық сананы дамытудың бір көрінісі деп атаған болатын.
«Елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғанын білесіздер. Бұл бір мақсат жолында күш біріктіруге, қалаларымыз бен ауылдарымызды көркейтуге, қоғамда экологиялық сананы дамытуға арналған өте маңызды әлеуметтік, тіпті саяси жоба. Ел үшін жасалған еңбек ерлік ешқашан ұмытылмайды», – деді Президент.
17 шілде күні «Жасыл даму» АҚ ұйымдастырған шара барысында елімізде қанша уақыттан бері жалғасып келе жатырған «Таза Қазақстан» жобасының жүзеге асуы, одан бөлек қалдықтарды басқару бойынша жобаларға несиелер қарастыру, кәдеге жарату бойынша түрлі бағдарламалардың іске асыоылуы қалай жүріп жатқаны егжей-тегжейлі талқыланды.
Елімізде «Таза Қазақстан» акциясы барысында биыл бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсақ, жаппай Қазақстан бойынша, әр аймақта, әр ауданда бір сөзбен айтқанда еліміздің түкпір-түкпірінде акция жүзеге асырылып оған екі миллион төрт жүз мың адам қатысқан. Олардың көмегімен Қазақстан бойынша бір миллионға жуық қоқыс тазартылып, екі миллион 500 мың түп ағаш отырғызылған. «Таза Қазақстан» акциясынан бөлек апта сайын елімізде «Киелі мекен», «Таза өлке» және тағы басқа іс-шаралар өткізіліп тұрды. Мұндай жобалардың аясында мысалы, Астана-Алматы тас жолының бойынан 100 тоннадан астам қоқыс жиналды.
Шара барысында қалдықты қайта өңдеу, кәдеге жарату бойынша да талқылау болды. Елімізде бұл бағыт бойынша «Жасыл даму» АҚ және Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқлы 3 пайызбен 3-15 жылға жеңілдетілген несие беріледі.
«ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Жасыл даму» АҚ-мен бірлесіп ескі көлік құралдарын, сондай-ақ өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратудың жаңа бағдарламасын әзірледі. Оған қара металды қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын барлық кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Осылайша, бір кәсіпорынның монополиясы алынып тасталады. Ескі автокөлікті қайта өңдеу үшін төлем алынатын шикізатқа меншік құқығы болып табылады», - деп жазылған министрліктің хабарламасында.
Неліктен қайта өңдеу соншалықты маңызды?
Біріншіден айтарымыз, табиғи ресурстарды сақтау, қайта өңдеу – мұнай және кен сияқты жаңа ресурстарды тұтынуды азайтады. Екіншіден, қоршаған ортаның ластануын азайтады. Ол дегеніміз, қалдықтар полигондарына азырақ жіберіледі, бұл зиянды заттардың шығарындыларын және топырақ пен судың ластануын азайтады. Үшіншіден, жаңа жұмыс орындарын құру. Өңдеу өнеркәсібінің дамуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді. Төртіншіден, экономикалық пайда. Қайта өңдеу – пайда әкелетін бизнес.
Әрқайсымыз қайта өңдеуді дамытуға үлес қоса аламыз:
Қалдықтарды сұрыптау: Қалдықтарды қағаз, пластик, шыны және органикалық заттарға бөліңіз. Бір рет қолданылатын заттарды азырақ пайдаланыңыз: Қайта пайдалануға болатын сөмкелерді, бөтелкелерді және ыдыстарды таңдаңыз. Қайта өңделген материалдардан өнімдерді сатып алыңыз: Қайта өңделген материалдарды пайдаланатын өндірушілерді қолдау. Қайта өңдеуге болатын материалдарды жинау науқандарына қатысыңыз: Қоршаған ортаны тазарту шараларына қатысыңыз.
Қандай мәселелер шешімін күтуде?
Алға ілгерілушілікке қарамастан, Қазақстандағы өңдеу секторының өзіндік қиындықтары бар. Инфрақұрылым жеткіліксіз, қайта өңдеуге ыңғайлы жинау орындары барлық жерде бола бермейді. Халықтың хабардарлығы төмен: Көптеген адамдар қалдықтарды дұрыс сұрыптауды білмейді. Қайта өңдеудің жоғары құны. Қайта өңдеу процесі айтарлықтай инвестицияны қажет етеді.
Даму перспективалары
Қазақстан билігі өңдеу өнеркәсібін дамыту бойынша бірқатар шаралар қабылдап жатыр. Мысалы, атап айтар болсақ, жаңа зауыттардың құрылысы басталды. Сонымен бірге, жаңа қалдықтарды өңдеу зауыттарының құрылысы да жоспарланып жатыр. Халықтың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады.
Кәсіпкерлерді қолдау
Мемлекет өңдеумен айналысатын кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді. Қазақстанда қайта өңделетін материалдарды қайта өңдеуге деген қызығушылықтың артуы тұрақты даму жолындағы маңызды қадам болып табылады. Дегенмен айтарлықтай нәтижелерге жету үшін мемлекеттің, бизнестің және әрбір азаматтың бірлескен күш-жігері қажет.
Қазақстандағы ең танымал қайта өңделетін материалдар
Көптеген басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қайта өңделетін материалдардың жекелеген түрлеріне сұраныс артып келеді. Оның ішінде ең танымалдары қағаз бен картон, газеттер, журналдар, картон қораптар және басқа да қағаз өнімдері және пластик бөтелкелер, пластик ыдыстар, пленка. шыны бөтелкелер, банкалар, ыдыстар, алюминий банкалар, темір банкалар, металл қақпақтар.
Қайта өңделетін материалдарға сұраныс оларды шикізат ретінде пайдаланатын саланың дамуына байланысты. Қайта өңдеу саласындағы мемлекеттік қолдау маңызды рөл атқарады. Сондықтан көптеген компаниялар өз өнімдерінде қайта өңделген материалдарды қолдануға ұмтылады, бұл оған сұранысты арттырады.
Қазақстанда жыл сайын қайта өңделетін материалдарды қайта өңдеуге қызығушылық артып келеді. Бұл халықтың экологиялық санасының артуы, технологияның дамуы мен мемлекеттік қолдаудың арқасында. Жақын арада біз қабылдау пункттері желісінің одан әрі кеңеюін, қайта өңделетін материалдардың жаңа түрлерінің, сондай-ақ өңдеудің тиімді технологияларының пайда болуын күтуге болады.