Қазақстанда кейбір шай түрлерін әкелуге және сатуға тыйым салынды
Санитариялық дәрігерлер бұл өнімдерден тағамға қолдануға тыйым салынған бояғыштарды анықтады: сары (Е110), тартразин (Е102) және понсо 4R (Е124).
Сонымен қатар шай қаптамаларында өндіріс пен қаптау орындарының жарамсыз мекенжайлары көрсетілген және қажетті рұқсат құжаттары жоқ екені белгілі болды.
Тыйым салынған шай маркалары:
«Апамның шәйі Premium gold», «Al-Hayat Golg», «БАЛҚИЯ Premium Gold» – «Orda Trade Astana» ЖШС (Алматы облысы);
«Sultan Suleyman», «Pakistan tea» – «Real Trade Astana» ЖШС (Астана);
«БАЛҚИЯ Premium gold» – «Аль-Хадия» ЖК (Алматы);
«Aje Onim» – «Орда Чай» ЖК (Алматы), «Кальций» ЖШС тапсырысы бойынша;
«Al-Hayat Golg» – «Empire KENIY E.P.Z. Limited» (Алматы облысы);
«Al-Jannat Premium» – «Ferdaus» ЖК (Алматы);
«Alfarah» – өндірушісі қаптамада көрсетілмеген.