Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 08:20

Қазақстанда қылмыс деңгейі төмендеді

қылмыс
Фото: из открытых источников

Ішкі істер министрлігінде алқа отырысы өтті. Онда ішкі істер органдарының 2025 жылдағы жедел қызметінің қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды

Жүйелі профилактикалық және жедел жұмыстың арқасында 2025 жылы елде қылмыс саны 6 мыңнан астам қылмысқа азайды. Әсіресе кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, қарақшылық, тонау, ұрлық, бұзақылық және басқа да ауыр, аса ауыр қылмыстар бойынша айтарлықтай төмендеу байқалды. Сондай-ақ қоғамдық орындарда және көшелерде жасалатын қылмыстардың саны азайып, қару қолдану арқылы жасалатын қылмыстар, бұрын сотталған адамдар тарапынан жасалатын қайталама құқық бұзушылықтар төмендеді. Қылмыстың барлық түрі бойынша, оның ішінде аса ауыр қылмыстарды ашу деңгейі 98%-ға дейін артты.

Өткен жылдары жасалған 2,7 мыңнан астам қылмыс ашылды. Бұл қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін және жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету жолындағы ішкі істер органдарының ұстанымын көрсетеді. 2025 жылы полиция іздеуде жүрген 1,6 мыңнан астам қылмыскерді ұстады. Сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен 20 мыңнан астам азаматтың жүрген жері анықталып, олар отбасыларына қайтарылды. Жәбірленушілердің құқықтары қамтамасыз етіліп, оларға келтірілген залал бойынша шамамен 60 млрд теңге өтелді. 17 миллионнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Тегтер: